ШҚО-да онлайн режимде ақша ұрлаған банк қызметкері ұсталды

352
көрілім

ШҚО ПД киберқылмысқа қарсы күрес жасағының мамандары банктің қауіпсіздік қызметімен бірігіп, банк клиенттерінің ақшасын жымқырған әйелді анықтады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жедел-іздестіру шаралары барысында банк карталарының менеджері қызметіндегі 27 жастағы заңбұзушы белгілі болды. Ол мәліметтер мен банк карталары жайлы ақпаратты пайдаланып, өзінің абонеттік нөмірін банктік есепшотқа тіркеген. «Онлайн банкинг» арқылы адамдардың қаржысын өзіне аударып, қалтасына басқан.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, шығын көлемі 1,6 млн.теңгені құрады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тергеу жүргізілуде.