ШҚО-да ормандағы өрт жағдайларын уақтылы ауыздықтау үшін 960 техника мен құрылғы керек

648
көрілім

Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсаинов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, 2016 жылы облыстық бюджеттен 85 млн теңге бөлініп, 15 шағын өрт сөндіру комплектілері сатып алынған. Ал орман өрттері салдарынан шығын болмас үшін 37 трактор, 17 өрт сөндіру техникасы, 7 көлік керек екен. 2014 жылы басқарма мамандары осы бағытта қажетті соманы есептеп шығарып, орман шаруашылықтарын толық жарақтандыру үшін 6,5 миллиард теңгенің керектігін анықтаған.

Мұрат Құсаиновтың есебін тығдаған облыс әкімі Даниал Ахметов орынбасары Дүйсенғазы Мусин мен облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына техникаларды сатып алу үшін қаржы бөлу шаруасын қарастыруды жүктеді.