ШҚО-да орманды жерлерге тікұшақпен барлау жүргізілді

173
көрілім

Шығыс Қазақстан облысындағы орманды жерлерге аэровизуалды мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Өрт қаупі бар кезең аясында облыс әкімі Ермек Көшербаев пен ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов аймақтағы өрт қаупі жағдайын әуеден бақылады. Нәтижесінде жылу нүктелері анықталған жоқ.

«Үлкен Нарын орман шаруашылығы» КММ және орманшылықтар базасында Үлкен Нарын ауылының №26 өрт сөндіру бөлімшесі, Катонқарағай аудандық ауруханасы және Үлкен Нарын ауданының АПБ ЖПҚ күштері мен құралдарды тексеріліп, табиғи өрттерді жоюға дайындық жүргізді.

- Жыл сайынғы талдауға сәйкес, өрт қаупі жоғары маусымда  шілде-тамыз айларына қызыл жалын жиі шығады. Өрттің орман қоры жерлері мен елді мекендерге тарауына жол бермеу үшін қорғайтын минералдандырылған жолақтар орнату және оларды уақтылы жаңарту жұмыстарын жалғастыру қажет, - дейді Рашид Блялов.