"Казгидромет" РМК ШҚО филиалының мәліметінше, 23 тамызда облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жететін жел күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ал Өскеменде жылдамдығы 15-18 м/с/ жететін жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады.
Өңірдің оңтүстігі мен орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
ШҚО ТЖД мамандары өрт қауіпі жоғары кезде табиғат аясында және үй аумағында от жағуға болмайтынын ескертеді.
Төтенше жағдай кезінде "112" нөміріне хабарласыңыздар.