Облыс орталығында өткен жиында ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тілсіз жауды ауыздықтауға 50-ге жуық мобильді топ жұмылдырылғанын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде жиналысқа Өрт сөндіру бөлімі төтенше жағдайлар қызметінің бас маманы Анастасия Скляр мәліметтер ұсынды.
– Аудандар бойынша өрт оқиғалары әлі тіркеліп жатыр. Осы аралықта облысымызда 48 орман өрті, 70 гектардан астам жерді алып жатқан 1 дала өрті тіркелді. Өрт қауіпсіздігінің алдын-алу шараларына 270 адамнан тұратын 46 мобильді топ жұмылдырылды. Бұл топтың қатарына азаматтарды қорғау бойынша мемлекеттік қызметкерлер, тұрғылықты құзіретті орган өкілдері, орман шаруашылығы қызметкерлері кіреді. Мобильдік топтармен 546 рейдтік шаралар да өткізілді. Өрт қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында әр апта соңында, яғни сенбі, жексенбі күндері профилактикалық тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда облыс орталғымызда төтенше жағдайлар барысында 41 өрт сөндіру бекеті қойылған. Осы кезең аралығында ауылдық елді мекендерді сақтандыру үшін тағы 10 өрт сөндіру бекетін салыну көзделуде. Бұл тізімге Глубокое, Алтай, Катонқарағай, Ұлан ауданының ауыл-аймақтары кіреді, – деді Анастасия Скляр.