ШҚО-да өрт салдарынан бір адам ажал құшты

352
көрілім

Қайғылы жағдай Шемонаиха ауданында Жаңа жылдың алғашқы күндерінде тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қаңтардың 1-5 аралығында аталмыш ауданда екі өрт оқиғасы орын алған.

– Қаңтардың 1-інде Первомайск кентіндегі тұрғын үйде өрт шыққан, – дейді аудандық Төтенше жағдайлар бөліміндегілер. – Өрт аумағы 56 шаршы метрді құрайды.

Үйінді арасынан күйік шалған адамның мәйіті табылды. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт шығудың себебі – мас күйінде шылым шегіп, қауіпсіздік шараларын сақтамау.

5 қаңтар күні жеке үй ауласындағы қосалқы шаруашылықта өрт шыққан. Мамандар келеңсіз жағдайды электр сымдары мен желілерді іске қосу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаумен байланыстырып отыр.