ШҚО-да орта буын медицина қызметкерлері де шетелде біліктілігін арттырмақ

327
көрілім

Осыған дейін өңіріміздегі 153 дәрігер әлемдегі жетекші клиникаларда оқудан өткен болатын. Аймақ басшысы Даниал Ахметов енді орта буын медицина қызметкерлерінің де шетелге жіберіле бастайтындығын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Тек дәрігерлердің ғана емес, орта буын медицина қызметкерлерінің де біліктілігін арттыруымыз керек. Олардың да шетелге барып, тәжірибе жинап қайтқаны абзал, – деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ облыс әкімі биылғы жылдан бастап ақ халаттылардың кардиология және онкология бағыттары бойынша оқуға жарты жылға жіберілетіндігін айтты. Бұған дейінгі мерзім – 3 ай болатын.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ