ШҚО-да өртенген қоқыстың кесірінен 2 жеңіл көлікке зиян келтірілді

277
көрілім

Алтай қаласында жеке үйдің ауласындағы қоқыс өртенген. Зардап шеккен адамдар жоқ, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Лаулаған жалынды өтіп бара жатқан әйел адам байқап қалып «101» нөміріне хабарласқан. Жоғарғы температура әсерінен жақын тұрған екі көліктің бампері, капоты мен алдыңғы екі дөңгелектері еріп, жанып кеткен.


Өрттің жалпы аумағы 2 шаршы метр. Жанған екі көліктен басқа аулада тағы бірнеше техника тұрған. Куәгерлердің айтуынша, үй қожайыны ескі көліктерді сатып алып бөлшектерін пайдаланады екен. Аула онсыз да тез жанғыш заттарға толы. Бұл үшін үй иесіне өрт сөндіру инспекторлары бірнеше рет ескерту жасаған.


– Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігін сақтамау бойынша анықтау жүруде. Зардап шеккендер жоқ, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД мамандары.