ШҚО-да Өскемен мен бірнеше ауданның орталығы арасында автобустар қатынамақ

384
көрілім

Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен мен бірнеше ауданның орталығы арасында автобустар қатынайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде жолаушы тасымалына қатысты 3 мемлекеттік қызмет жүзеге асырылып отыр. Бұл өздігінен жүретін шағын көлемді кеменің басқару құқығына куәлік беру, жолаушыларды облысаралық, ауданаралық және халықаралық қатынастағы автобустармен және шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, халықаралық маршруттарда қатынайтын автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, ауданаралық, қалааралық, қалаішілікжәне қала маңындағы қатынастағы әлеуметтік маңызы бар автобустарды тасымалдаушылар жүзеге асыруға байланысты  тасымалдаушының шығындарын субсиндиялау. Бұл туралы ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының жолаушы көлігі мәселелері жөніндегі орынбасары Айжан Рахимбаева айтып өтті.
-  Бірінші қызмет көрсету бағытына келер болсақ, бұл өздігінен жүретін шағын көлемді кеменің басқару құқығына куәлік беру – Инвестициялар және даму министірлігінің 2015 жылғы 17 сәуірде № 457 бөлігімен бекітілген шағын көлемді кемені басқару құқығына кеме жүргізушілерді атестациялау жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметті мемлекеттік коорпорациялар арқылы алуға болады. Қызмет көрсету мерзімі - 2 жұмыс күні. Бұл қызмет тегін көрсетіледі. Екінші қызмет - elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Айта кетерлігі, ақылы түрде болады.Оның көлемі үш айлық есепкіш көрсеткішті құрайды. Үшінші мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, - дейді ол.
2023 жылдың қорытындысы бойынша басқарма 526  қызмет көрсетті. Оның ішіндегі 427 жолаушы тасымалдайтындарға лицензия беруге қатысты. Екінші қызмет 20 адамға көрсетілсе, ауданаралық, қалааралық, қалаішілік және қала мағындағы қатынастағы әлеуметтік маңызы бар автобустарды тасымалдаушылар жүзеге асыруға байланысты  тасымалдаушының шығындарын субсиндиялаудың 79 қызметі көрсетілген.
- 2023-2024  жылдар аралығында жолаушы тасымалдаушыларға 403 млн теңге субсидия төленді. Ауданаралық маршруттарды ретке келтіру үшін тасымалдаушыларға субсидия бөлінуде. Жоспар бойынша «Өскемен-Қатонқарағай», «Өскемен- Ақжар», «Өскемен-Алтай» маршруттарын ашу қарастырылуда. Қазіргі уақытта «Өскемен-Шемонаиха» маршруты жүріп тұр. «Өскемен- Күршім» маршруты енді іске қосылады, -деді Айжан Рахимбаева.

Валентина ГЕОРГИЕВНА