ШҚО-да Өскемен мен Катонқарағай ауданы арасындағы әуе қатынасының жобасы қаралуда

492
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы өңір басшысы Ермек Көшербаев мәлімдеді. Өскеменде өткен жиында Катонқарағайда әуе тасымалын ұйымдастыру туралы мәселе көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Шенеуніктердің айтуынша, Катонқарағай ауданында жаңа әуежай салу егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін күрделі мәселе, оған қоса ауданда ескі кеңестік әуежай бар. Бұрындары көптеген аудандар әуе қатынасымен байланысты болған.
- Зайсан ауданының тәжірибесін пайдалана отырып, Өскеменнен Катонқарағай ауданына әуе рейстерін ашу нұсқаларын қарастырамыз. Мүмкін тікұшақ тасымалдарын ұйымдастырудан бастаймыз, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.
Өңір басшысы атап өткендей, азаматтық авиацияның жаңа ережелері бойынша мұндай нысандарда тиісті қызметтердің жұмысын ұйымдастыру қажет. Оның тиімділігі жолаушылар ағынына тікелей байланысты болады.
Сондай-ақ, облыс әкімінің өңір ардагерлерімен кездесуі барысында шекара маңындағы аумақтарды дамыту мәселесі көтерілді.
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда шекаралас аудандарды дамыту мәселесін көтерді. Мұнда үлкен әкімшілік жұмыс қажет. Біз осы аудандарға отандастарымызды, жақсы мамандарды тартып, халықтың көшуін азайтуға тиіспіз. Бұл мемлекеттік маңыздылықтың, Ұлттық қауіпсіздіктің мәселесі, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.