ШҚО-да отандық өнімді қолдаудағы кедергі не?

426
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл жайлы ШҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен жиынды айтылды, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі.

Қазіргі уақытта өңір ғана емес, республика бойынша ірі кәсіпорындардың бірі саналатын «Қазцинк» осы мәселені бір бағытқа қойып, аймақтағы кәсіпкерлермен тығыз жұмыс істеуін жалғастырып келеді. Шара барысында іскер жандардың бірі «Қазцинктің» коммерциялық анализ және дамыту қызметінің басшысы Татьяна Ивановадан зауыт, фабрикаларда киюге арналған арнайы киімдер сұранысқа ие болғанымен көп жағдайда шет елден сатып алынып жатқандығына таңданысын білдірді. Айтуынша, отандық өнімдерді қолдау мақсатында мыңдаған келісімшарт жасалып жатқанымен әзірге нәтижесі байқалар емес.

– Соңғы уақытта мемлекеттік сатып алуды өткізуде қиындықтар байқалуда. Әлбетте, қазір көптеген шаралар қашықтан өткізілгендіктен көзбе-көз пікір алмасу мүмкін болмай келеді. Өкінішке қарай, өңірде тұтыну жағына біршама шектеулер қойылған. «Қазцинк» тұтыну кезінде жіберілетін қателіктерге бірқатар зерттеулер жүргізіп көрді. Мемлекеттік сатып алу кезінде жаңа тауарларға қол созып, тәуекелге бармауды жөн көріп отырмыз. Сол себепті көптеген заттар күні бүгінге дейін шет елден сатып алынуда. Күйіктен, химиялық қоспалардан қорғайтын киім-кешек сынды тауарлардың сапасы республика көлемінде әлі де төмен. Отандық өнімдерді қолдау кезінде осындай кемшін тұстар өзіндік рөл ойнайды. Өз өнімдеріміздің сапасын арттыру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айта кетейік, – деді жауапты тұлға.