ШҚО-да отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне сұраныс артқан

388
көрілім

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиналыста айтылды. Жыл басынан 2,9 млрд.теңге мемлекеттік тапсырыс аясында игерілген, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша мемлекеттік сатып алу көрсеткіші 51,6%-ды құрады. Одан басқа азық-түлік, құрылыс материалдары, киім өндірістеріне қолдау білдірілген.

– Биылғы жылы мемлекеттік сатып алу бойынша облыста кәсіпкерлерге 742 арнайы сертификат дайындалды. Алдағы уақытта да сертификаттар міндеттелетін болады. Бұл жағы басқарма тарапынан бақылауға алынды, – дейді ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шұрманов.

Өнеркәсіп саласынан бөлек білім саласында да айтулы жұмыстар бар. Облыс бойынша 88 білім ордасының асханалары жоба аясында жабдықталған. Сонымен қатар бірнеше жаңадан салынған мектепке жаңа жиһаздар алынды. Мысала Ахмер ауылындағы білім ошағына 29 млн.теңге, №48 мектепке 66 млн.теңге, №23 мектепте 23 млн.теңгенің қаржысы жұмсалды.