Облыс аумағында қаңтар айының 24-30 аралығында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, үш күн ішінде тұрғылықты жері бойынша 3 000-нан астам адам тексеріліп, есепке қойылған. 934 құқық бұзушылық анықталып, барлық фактілер бойынша тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Мұндай жағдайларда алдын-алудың тиімді шараларының бірі – «қорғау туралы нұсқама» шығару және «арнайы талаптар» белгілеу. Жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында отбасының шырқын бұзған 241 адам есепке қойылды. Оларға қатысты «қорғау нұсқамалары» шығарылып, 74 адамға қатысты сот мінез-құлыққа «ерекше талаптар» белгіледі, - деді ШҚО Полиция департаментіндегілер.
Сонымен қатар осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелесін шешу үшін Полиция департаменті уақытша тұруға арналған баспанасы бар төрт дағдарыс орталығымен тығыз әрекет етті. Орталыққа орналастырылған адамдармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.
ШҚО Полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда «102» жедел арнасына немесе 77-19-23 дағдарыс орталығына хабарласу керектігін еске салады.