ШҚО-да өткен тәулікте екі көлік өртенді

317
көрілім
Сурет ШҚО ТЖД

Екі жағдайда да тілсіз жаудың шығу себебі агрегат ақаулығынан болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Төтенше жағдай департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, алғашқысында  Зайсандағы Омбы-Майқапшағай тасжолында ГАЗель автокөлігінің моторлы бөлігі тұтанған.
–  Жалын шарпыған аумақ  үш шаршы метрді құраған. Өрттің шығу себебі қысқа тұйықталудан болған, –  делінген мәліметте.
Екінші көлік өрті Семей тасжолының 45 шақырымында КамАЗ жүк көлігінің салонынан шыққан. Өрт сөндірушілер төрт шаршы метр аумақты қамтыған тілсіз жауды ауыздықтады.
ТЖД мамандары атап өткендей, жыл басынан бері өңірде 35 көлік өрті тіркелген.
Құтқарушылар автокөлікте үнемі өрт сөндіргіш құралының болуын еске салды.