Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы 2019 жылы және жаңажылдық мейрам кезіндегі туу көрсеткіші бойынша статистиканы ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сонымен мамандар ұсынған дерекке сәйкес, өңірде 2019 жылы 21386 сәби дүние есігін ашса, оның ішінде 179-ы егіздер.
– 2020 жылдың 1-6 қаңтар аралығында ғана 200 сәби өмірге келді, деп тағы бір дерек ұсынды кешенді мекеменің баспасөз қызметіндегілер.
Айта кетейік, бұл күндері ақ халаттылар шақалақтарды перзентханадан өздері әзірлеген жаңажылдық киімдермен шығарып салды.