Аталған жайттың алдын алу мақсатында көші-қон қызметінің мамандары шетелдіктердің еңбек қызметін жүзеге асыру заңдылығын тексеруді тұрақты түрде жүргізуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айталық Семейде рейд жүргізу кезінде Өзбекстанның 10 азаматына жұмыс істеуге рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматы анықталды.
- Осы факт бойынша шетелдіктер сотпен ҚР-нің ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 519 бабы 5 бөлігі бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі хаттама толтырылды.