ШҚО-да өзге өңірден келген есірткі қойып кетуші ұсталды

1445
көрілім

Қазан айының басында «Қарасора» және «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында Өскемен қаласының Меновное кентінде ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі затын қойып кетуші ұстады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тергеу барысында 24 жастағы ер адамның жеңіл пайда табу мақсатында Байқоңыр қаласынан Өскеменге келгені анықталды.  Ұсталған азамат жалдамалы пәтерде тұрған, ал клиенттерге есірткіні қойып кеткен орны туралы интернет-ресурстардың көмегімен хабарлап отырған. Сараптама тәркіленген зат «жылдамдық» деп аталатын «А-пирровалеронфенон» психотропты құралы екені анықталды.
– Күдіктіден ұнтақ және түйіршік түріндегі түрлі-түсті изолентамен оралған барлығы 316 полимерлік пакет алынды. Алынған есірткінің жалпы салмағы 136 грамнан асты.  Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігіне (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.