ШҚО-да пара алу сәтін хабарлаған тұрғындарға қанша көлемде сыйақы беріледі?

350
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, бұған қатысты бекітілген жаза мөлшері қазір күшейтілген.
- Айталық көп көлемде пара беру қылмысы үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігіне сәйкес максималды санкция бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздеген. Енді осы мерзім жеті жылға дейін ұзартылды, демек бұл ауыр қылмыс санатына жатады, - деді ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев.

Жауапты тұлғалардың сөзінше, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағандар шартты түрде және мерзімінен бұрын босап шыға алмайды.
Ал сыбайластық фактісін айтқан тұрғындарға қандай көлемде ынталандыру сыйақысы беріледі десек, бұл жағы пара мөлшері мен келтірілген залал мөлшеріне қарай реттеледі. Әрі кеткендегі төлем 4000 АЕК-жетеді. Биылғымен есептесек, бұл 12 миллион теңге.
- Барлық мемқызметкерлердің міндеті жемқорлыққа қарсы қылмыспен күресу. Осы қызметкерлер жұмысына атүсті қарамай, шын ниеттеніп кіріссе қоғамда тәртіп орнауына өзіндік үлес. Осындай марапаттаулар әлі де жалғасады. Айта кетерлік жайт, бұл тек жол полициясы қызметкерлерінің арасында ғана емес, барлық мемлекеттік қызметкерлерді қамтыған, - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев.