ШҚО-да паром жұмысы бір жүйеге келтірілмек

599
көрілім
Шартты сурет.

Облыс әкімі Даниал Ахметов паром жұмысын бақылайтын бейнекамералар орнатылатынын айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


– Қызыл Ту өткеліндегі паром жұмысы сынға алынғаны бірінші рет емес. Бүгінгі күнде аталған орында екі паромның тек біреуі жұмыс істеуде. «Құйған айлағы» компаниясы өзіне тиісті міндетті дұрыс атқармайды. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан бақылау нашар жүргізілуде. Өткен жылы кестеден қалу 30 пайызды көрсетті. Қажетті жөндеу жұмыстары жасалмаған, – делінген облыс басшысының инстаграм аккаунтында.
Тамыз айының ортасынан өткел аймағында аудандық әкімдіктің бақылаушылары жұмыс істеуде. Жақын уақытта бейнекамералар орнатылмақ.
– Әзірге қосымша кіші паромды су бетіне шығаруды тапсырдым. Бұдан басқа аудан тұрғындары көпір құрылысы жайлы сұрады. Жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп қойдық. Инвесторлар іздеудеміз. Көп мөлшерде қаражат қажет. Осыған байланысты қиындықтар тууда. Алдағы уақытта бұл мәселе шешіледі деген сенімдемін, – деді Даниал Ахметов.
Айта кетейік, тамыз айының басынан өткелдегі кезек тым көп болып, адамдардың наразылығын тудырған еді.