ШҚО-да пиротехника сатылатын орындарға рейд жүргізіліп, 600-ге жуық өнім тәркіленді

188
көрілім
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында пиротехника өнімдерін заңсыз сатуға жол бермес үшін арнайы рейдтер жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өңір құтқарушылары мен полицейлері бірігіп, сертификатталмаған пиротехника өнімдері саудасына жол бермес үшін 60-қа жуық рейд жүргізді. Соның барысында саудагерлерде отшашуларды сатуға лицензияның бар-жоғы тексеріледі.

Облыс бойынша барлығы 43 рейдтік топ құрылған. Олар жіті тексеру жүргізіп, 559 дана контрафактілік өнімді тәркіленді. ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы 1-бөлігімен 13 хаттама толтырылды. Өскемен, Алтай, Риддер қалаларында, Күршім, Зайсан, Шемонаиха, Катонқарағай, Глубокое және Тарбағатай аудандарында заңсыз сауда нүктелері анықталды.

«Пиротехника саудасы күн сәулесі мен жауын-шашынның өнімдерге түсуін болдырмайтын дүкендерде, павильондарда және дүңгіршектерде рұқсат етіледі. Сол жерлер штаттан тыс жағдайларда адамдар эвакуациялана алатындай болуы тиіс және онда алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы қажет», - дейді ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.