ШҚО-да полицейлер 300-ге жуық ойын-сауық орталығын тексерді

323
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары ойын-сауық орталықтарына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тексеру барысында ешқандай заңбұзушылық анықталмаған. Өңір кәсіпкерлері төтенше жағдайға орай енгізілген шектеулерге жауапкершілікпен және түсіністікпен қарауда.
- Қазірде ірі сауда орындары сағат 10: 00-ден 18: 00-ге дейін, ал азық-түлік сатпайтын нысандар 11.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуде. 22.00-ге дейін жабылуы тиіс дәмханалар мен мейрамханалардағы келушілер саны 50 адамнан аспауы керек. Тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Осы талапты сақтамағандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп немесе 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.