Мереке қарсаңында облыстық Полиция департаментінің шеру алаңында 20-ға жуық қызметтік автокөлік ұлттық аспап түрінде сап түзеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ өнерпаздар келіп, қазақтың әйгілі композиторы Құрманғазының күйін орындады.
- Қасиетті домбыра ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде сақталып келе жатыр. Бұл - ғасырлар тарихын бейнелейтін бойтұмар. Оның үні жаңа жетістіктерге дем беріп, Отанымыздың гүлденуіне үлес қоса берсін, - деді ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков өз құттықтауында.