ШҚО-да полиция қызметкері қызметтік көлігінің терезесін қараңғылағаны үшін жауапқа тартылды

325
көрілім
Фотосурет arnapress.kz сайтынан.

Полиция майорының тәртіптік жауапкершілікке тартылу мәселесі тұрғындардың шағымынан кейін туындаған, деп хабарлады Бұқара.кз сайтының тілшісі.


Мамыр айының бас шенінде Глубокое ауданының Белоусовка кентінде тұрғындардың бірі терезесі қараңғыланған полиция көлігін байқаған.


- Бұл жариялылық пен ашықтық қағидасына қарсы келеді, - делінген ШҚО әкімінің блогында.


Тұрғындардың шағымы жауапсыз қалмады.


- Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, келіп түскен шағымның мазмұны расталды. Глубокое ауданындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы майор Б. қызметтік көліктің артқы жел және бүйір терезесін жапсырмалы пленкамен қараңғылағаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп жауап берді құзырлы органдағылар.