ШҚО-да полиция қызметкерлері 70-ке жуық берекесіз отбасыны анықтады

332
көрілім
Шартты фотосурет

Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы барысында 70-ке жуық берекесіз отбасыны анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 қаңтар-20 ақпан аралығында өткізіліп жатқан жедел алдын алу шарасының мақсаты – отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімінде тіркеуде тұрғандарды тексеру. Бүгінде полицейлер тұрмыстық қарым-қатынаста заңсыздыққа жол берген (ҚР ӘҚБтК 73-бабы) 320 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ 59 адам ішімдікке және есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіліпті.
- Тексеру барысында 69 берекесіз отбасы анықталды. Кәмелеттік жасқа толмаған балаға дұрыс қарамағаны үшін 61 адам жауапқа тартылып, 12 адам ата-ана құқығынан айырылды, - делінген ведомство мәліметінде.