Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары «Борышкер» жедел алдын алу шарасы барысында айыппұл төлемей жүргендерден 10 540 000 теңге тәркіледі, деп хабарлайды, Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8-16 ақпан аралығында өңір бойынша «Борышкер» жедел алдын алу шарасы жүргізілген. Мұндағы мақсат – заң бұзып, әкімшілік айыппұл төлемей жүргендерден ақша өндіру.
– Шара барысында арнайы мобильді топтар құрылды. 3 күн ішінде 400-ге жуық рейд өткізіліп, 10 540 000 теңге мөлшеріндегі 984 әкімшілік айыппұл өндірілді. Сондай-ақ 8 автокөлік арнайы тұраққа қойылған, – деп хабарлады ведомство өкілдері.