ШҚО-да республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтуде

214
көрілім
Фото сурет автордікі

Облыс орталығында "ЖЕР-2024" республикалық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Қала маңында ТЖД-қызметкерлерінің командалық-штабтық, оқу-жаттығулары өтуде. Жиынға құтқарушылардан бөлек еліміздің бірқатар өңірінің қызметкерлері де қатысуда. Ұйымдастырылған далалық штабта шартты жойқын жер сілкінісі салдарынан болуы мүмкін төтенше жағдайдың салдарын жоюға күштер мен құралдардың дайындығы туралы жедел топ басшыларының баяндамалары тыңдалды. ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев далалық ХҚКО шатырлы лагерінің, гуманитарлық көмек қабылдау пунктерінің жұмыс істеуін қадағалап, сондағы техникалық мүмкіндіктерді бақылады.


Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерғали Жарасбекұлының айтуынша, қазір Өскеменге қауіп төнген жағдайда 1700 адамға арналған қабылдау пунктері бар.
- Бұдан бөлек Шығыс Қазақстанда еліміз бойынша 3 облыстан әріптестеріміз келді. Атап айтар болсақ, көршілес Абай облысынан бастап, Ұзынағаш қаласы мен Қарғанды облысының қызметкерлері ат салысуда. Олар 50-ден аса техника, 100-ден астам қызметкерлерін жұмылдырды. Бұл оқу-жаттығу жиындары қала маңындағы үш жерде өтуде. Айта кетейік, бұндай жиындар облысқа қарасты бірқатар аудан мен қалада ұйымдастырылуда, - деді ТЖД бастығы.

 


Шатырлы лагерьде тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық аймақтар, медициналық пункт, тамақтану блогы, автокөлік тұрағы қарастырылған. Бұдан бөлек, тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін лагерьде полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды.

 

Нұрдәулет Қалибеков