ШҚО-да боран салдарынан республикалық маңызы бар тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
«Казавтодор» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, бүгін таңғы сағат 5.50-де ауа райының күрт өзгеруі мен бұрқасын жел салдарынан республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолының 971-1068 шақырымы (Қалбатау.а — Қасым Қайсенов.к) барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Естеріңізге сала кетейік, облыста 19-нан 20 ақпанға қараған түні ШҚО-да қалың қар жауып, республикалық, облыстық маңыздағы тасжолдар жабылған болатын. Полиция қызметкерлері қолайсыз ауа райында тұрғындарға ұзақ жерлерге шықпауға кеңес береді.