ШҚО-да садақпен аңға шығуға рұқсат берілуі мүмкін

476
көрілім
Фотосурет egemen.kz сайтынан

Өңір аумағында садақпен аңға шығуға рұқсат берілуі мүмкін. Мұндай бастама танытқандар осы әдіс арқылы ұлттық спортты дамытуға болады деп санайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жуықта облыстық орман инспекциясындағылар аңшылық шаруашылық ұйымдарымен бірлесе жиын өткізді.
– Отырыс кезінде заңнамаға өзгеріс енгізу жағы қозғалып, енді садақпен аңға шығуға рұқсат берілуі мүмкін, – деді Жануарлар әлемі және аңшылық шаруашылығы облыстық инпсекциясының басшысы Самат Дидахметов. – Бұған рұқсат еткен мемлекеттер де бар. Соған қарағанда аңшылыққа бейім туристерден осындай өтініштер түскен болуы керек. Осы себепті кезекті жиын кезінде талқыға түсті.
Бұдан бөлек, осындай қадам арқылы болашақ мергендер төбе көрсетіп, ұлттық спорт түрін дамытудың тағы бір тетігі пайда болатын көрінеді.