Бұл сұраққа Өскемендегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аумағында өткен жиында өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсем Тұрлыбекова жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлғаның айтуынша, аттестациялау республика көлемінде өткізілмейді. Оны альтернатива ұсыну арқылы былай деп түсіндірді.
– Осыған дейін мемлекеттік қызметшілер үш жыл сайын біліктіліктерін сынау мақсатында аттестациядан өтетін. Қазір бұл жағы міндеттелмейді. Есесіне, мемқызметшілер жыл сайын кірістер департаменті тарапынан біліктілікті арттыру бойынша семинарларға қатысып, сертификаттар алады. Осы ретте аттестациядан өту талабы көзделмегенін айта кеткен жөн, – деді Әсем Қадырқызы.