Баға қымбаттауының себебін облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Елдос Байрахметов атап өтті.
Баспасөз мәслихатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың көптігіне қарамастан, неліктен азық-түліктің соншалықты қымбаттап жатқаны сұралды. Мысалы, жақында шығысқазақстандықтар пияз бағасының күрт өсуіне шағымданған.
- Мемлекеттегі азық-түлік бағасы сыртқы факторларға байланысты. Пәкістанда су тасқыны болды. Пәкістан пияздың ең үлкен үлесін әлемге жеткізетін бірден-бір ел. Сондықтан баға көтерілді. Қазақстаннан пиязды сыртқа алып сату жұмыстары басталғанда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі оны экспорттауға тыйым салды. Бірақ пияздың бір бөлігі сыртқа кетті. Олар уақытылы әрекет етті, сондықтан баға сақталады. Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында бағаны ұстап тұруға көмектесетін қорлар бар. Қазір тұрақтандыру қорының сауда павильондарында пияз келісі 110 теңгеден сатылуда, - деп атап өтті Елдос Байрахметов.
Жібек ҚУАТҚЫЗЫ