ШҚО-да сатылымға зарарлы жемістер әкелінген

306
көрілім

Облыстық карантин зертханасының хабарлауынша, аймағымызға Комсток сымырымен зақымдалған анар мен құрма жемістері әкелінген. Адам денсаулығына бұл зиянкестер қауіп төндірмейді, бірақ үйдегі өсімдіктер мен бау-бақшадағы көшеттерге залал келтіруі әбден мүмкін деп хабарлайды газет тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қыркүйек- қазан айларында Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінен 10 партия анар мен құрма әкелінді. Көбі Комсток сымырымен зақымдалған. Жалпы салмағы — бес тоннадан астам.

Комсток сымыры — бұл ұсақ зиянкес, карантин объектісі болып табылады. Оны тек микроскоп арқылы ғана көруге болады.