Өткен жылы ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жүздеген ойыншықтарды тексеріп, нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
- Азық-түлікке жатпайтын тауарлар түріне, яғни балалар ойыншығы, киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, гигиеналық заттар, парфюмерия, косметика және басқа заттарға тексеру жүргізілді. Десек те басты назар ойыншықтарға аударылды, - дейді ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
217 ойыншық түрінен сынама алынды, оның 138-і Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді. Алты сынамада фенолдың, формальдегидтің және изопропил спиртінің артық мөлшері анықталды.
- Сәйкес келмейтін ойыншықтардың көбі, яғни 85,4 пайызы Қытайда жасалған, 8,1 пайыз ойыншықтардың өндірушілері белгісіз және ойыншықтардың 6,5 пайызы Ресейде, Өзбекстан мен Польшада жасалған, - деп түсіндірді департамент өкілдері.