Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері есірткі айналымына қатысты 120 қылмыстық іс сотқа жолданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша есірткі айналымына қатысты қылмыс саны азайып келеді.
-Облыс прокуратурасында ШҚО Полиция департаменті басшылығының қатысуымен ведомствоаралық жедел кеңес өткізіліп, онда есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері талқыланды. Осы жылдың 7 айындағы құқық қорғау органдарының жұмысының қорытындысы бойынша есірткінің заңсыз айналымына қатысты тіркелген қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 5,8%-ға немесе 191-ден 180-ге дейін төмендеген, - делінген ақпаратта.
Барлығы 120 қылмыстық іс сотқа жолданып, 61 адам сотталған.
-Бұл саладағы қылмыстық ахуалды ескере отырып, полиция басшыларына өңірдегі есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді. Осы бағыттағы жұмыс бақылауда, - делінген хабарламада.