Төтенше жағдайлар қызметінің хабарламасына сәйкес Алтай ауданының таулы аймақтарында сел жүру қаупі тамыз айына дейін сақталады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Алтай ауданында үш сел жүру қаупі бар аумақ тіркелді. Бұл – Черновая, Бұқтырма, Хамир өзендерінің бассейндері. Бұдан басқа Тұрғысын өзені (Кутиха ауылы) маңы да қауіпті аймаққа кіреді.
Аталған аумақтар үнемі бақылауда.
– Мамыр айынан бастап Кутиха ауылының тұрғындары үшін табиғат апатына қарсы шаралар жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО ТЖД. – Тұрғындарға тиісті ақыл-кеңестер беріліп, сақтандыру жұмыстары ұйымдастырылды.