Облыста сәуір айында күндізгі уақыт айтарлықтай артады, дегенмен синоптиктер ай бойы ауа райы тұрақсыз болады деп болжайды.
Барикалық түзілістердің кезектесіп тұруына байланысты жылы, ашық күндер де, салқын, бұлтты күндер де байқалатын болады.Кей күндері Каспий теңізінің оңтүстігі мен Ресейдің еуропалық аумағынан циклондардың шығуынан жаңбыр жауып, екпінді жел соғатын тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін.
Сәуірдің бірінші онкүндігінде республиканың шығысында күндіз ауа температурасының біртіндеп 3-тен 15 градусқа дейін көтерілуі күтілуде. Түнде минус 10 градусқа дейін суыту мүмкін.
Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде елге Иран мен Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массалары келеді. Соған орай еліміздің шығысында температура фоны көтеріледі: түнде 13 градусқа дейін, күндіз кей жерлерде плюс 25 градусқа дейін. Дегенмен, суық ауа райының қайта болуы әбден мүмкін. Ресей аумағынан республиканың шығыс облыстарына суық ауа массаларының ағынымен термометрлер түнде 7 градус аязға дейін, күндіз плюс 10 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК.
Өскеменде сәуірдің бірінші аптасының басы күн ашық болады, 3-6 наурыз аралығында ауа температурасы плюс белгісімен кей жерлерде 16 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктер бір айға арналған ауа-райы болжамы тек кеңес беру сипатында екенін, сондықтан температура фонында айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін екенін атап өтті.
Муратканова Ариана