Облыс орталығында ардагер шахматшылар арасында жарыс өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл жарыс аймағымыздағы шахмат спортын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған ардагер шахматшылар, қоғамдық бірлестік жетекшілері мен БАҚ саласының өкілдері қатысты. Әр түрлі салада тер төгетіндер жиналған жарыста қатысушылар өзара кім мықтыны анықтады.
Қазақстан шахмат федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалының атқарушы директоры, шахматтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмагүл Манапқызының сөзінше, өңірде шахмат спорты дамып келеді. Бұл ардагерлер арасындағы алғашқы жарыс.
- Осындай жарыс облысымызда биыл бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл бәсекеге өңірімізге қарасты барлық аудан, қалалардан спортшылар келді. Шахматшыларымыздың қарқыны өте жоғары деңгейде. Алдағы уақытта да бұндай жарыстарды көптеп ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - деді филиал директоры.
Демеушілердің қолдауымен өткен жарысқа бас-аяғы 103 адам қатысты.