ШҚО-да шағын мектеп мұғалімдері қайта даярлықтан өтеді

319
көрілім

Облыстық әкімдік сапалы білім беру арқылы ауыл халқының қалаға көшуін тоқтатуды ұсынады. Ол үшін шағын мектептердің 355 мұғалімі қайта даярлықтан өтіп, оқу орындары өздеріне тиімді жабдықтармен жабдықталуы керек.
Ауыл оқушылары физика, биология және химия пәндерінен күрделі эксперименттерді интерактивті тақталарда қарай алады.
Колледж, университет оқытушыларынан және IT-мамандарынан құрылған арнайы жұмыс тобы 7-8 сыныптарда 22 сабаққа жоспар құрды, қазір олар 9-10 сыныптарға арналған зертханалық сабақ жоспарын құру үстінде.
ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің айтуынша, бұл төмен деңгейлі мектептерге қымбат жабдықтар орнатуды үнемдейді. Билік мұндай мектептер үшін жеке бағдарламалар жасайтын ғылыми-зерттеу институттарын құруды жоспарлап отыр. Облыстық бюджеттен интерактивті тақталар сатып алуға 899,4 млн теңге қаржы бөлінді.
-Біз шағын мектептердегі интерактивті тақта экономикалық тұрғыдан мүмкін емес қымбат жабдықты алмастырғанын қалаймыз, - деді Даниал Ахметов. - Бұл біздің төмен деңгейлі мектептерімізді жоғары деңгейге көтереді. Онда бір мұғалімге 3-5 оқушыдан келеді. Шағын мектептерде мұғалімдерді жүйелі даярлау мен қайта даярлауды бастау керек. Бір мұғалім бірнеше пәндерді оқытып, оқушыға көп көңіл бөле алатын мықты білім сапасы болуы тиіс. Егер біз профессор-оқытушылар құрамының сапасын көтерсек, бұл білім сапаның өсуіне жасалған үлкен қадам болады. Қазіргі кездегі мәселе, ең алдымен, білім сапасын арттырудың тиімді факторына айналуы керек.
Облыс басшысының пікірі бойынша сапалы білім және медициналық көмек ауыл тұрғындарының кетуін тоқтатады.
- Туу көрсеткіші күрт төмендеп, үдере көшу басталса – мектептерді жабуға тура келеді, - деді Даниал Ахметов. - Халықтың кетуін азайту үшін тартымды фактор тек әлеуметтік аспектілер болуы керек. Мектептер мен колледждердегі білімнің жоғары деңгейіне, жоғары оқу орындарына қол жетімділік және халыққа медициналық қызметтердің жоғары деңгейіне қатысты.