ШҚО-да шағын және орта бизнес нысандарындағы өрт саны артты

610
көрілім
Шартты фотосурет.

Өңіріміздегі шағын және орта бизнес нысандарындағы өрт өткен жылмен салыстырғанда 48 пайызға өскен. Бұл жағдайға алаңдаушылық білдірген өрт сөндірушілер тілсіз жаудың шығуына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған кәсіпкерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бүгінгі таңда сауда нысандары мен дүкендерде, сауда үйлерінде, яғни тұрғындар көп баратын орындарда өрт жиі шығатын аудан, қалалар қатары белгілі болды, – дейді өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Мақсат Оспанов. – Олар Семей, Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Үржар аудандары.

Өрттің тұтануына электр құрылғылары мен электр желілерін орнатуда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы және отты абайсыз пайдалану сияқты жағдайлар себепкер болып отыр.