ШҚО-да шаруалардың арыз-шағымын қарайтын жеке жұмыс тобы құрылды

506
көрілім

Облыстық Қоғамдық кеңестің жанында агроөнеркәсіп кешендеріне қатысты мәселелерге арналған жеке жұмыс тобы құрылды. Топ мүшелері ауылшаруашылығы жерлеріне мониторинг жүргізіп, шаруалардың арыз-шағымдарын Астанаға жөнелтетін болады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Агроөнеркәсіп кешенінің сұрақтары осы уақытқа дейін өзге жұмыс топтарында қаралып келді. Енді бұл салаға ерекше көңіл бөлінбек. Онымен шаруалардан, шаруа қожалықтарының басшылары мен осы салаға еңбегі сіңген азаматтардан құрылған арнайы жұмыс тобы айналысатын.

Біз топырақ құнарлылығын сақтау мақсатында жерлерге мониторинг жүргіземіз, – дейді жұмыс тобының мүшесі «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС директоры Ришат Ахмадиев. – Агросаланы субсидиялау тәртібіне өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс жасайтын боламыз.