Катонқарай ауданында шекарашы Қызыл кітапқа енген бүркітті құтқарып қалған, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
- «Өрел» шекара комендатурасының ефрейторы Родион Абрамов Берел ауылына жақын жердегі мемлекеттік шекараны күзету кезінде жолдың бойында жараланған құсты көріп, оны Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тапсырған. Aquila heliaca тұқымдас жас бүркіттің ҚР Қызыл кітабына енгізілгені белгілі болды, - деп жазды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында.
Родион Абрамов табиғат деген қамқорлығы мен Катонқарайдың биоәртүрлігігін сақтауға қосқан үлесі үшін ұлттық парктің алғыс хатымен марапатталды.