ШҚО-да шенеунік үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

745
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте жазылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Өскемен қаласы №2 сотының үкімімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен аяқталған қылмыстық іс бойынша «ҚР Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің ШҚО бойынша департаменті» РММ басшысы Әлзахов ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі 1, 2-тармақтарында көзделген қылмыс жасағаны үшін, яғни ол «Восток Инжиниринг» ЖШС директорына қадағалаудағы кәсіпорындармен технологиялық жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу жөнінде шарттарды жасасуға жалпы қамқорлық және жәрдем көрсету үшін алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен 7 млн теңге соммасындағы қаржыны заңсыз алған.

Б. Әлзахов 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып жаза тағайындаумен сотталды.

​Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – делінген мәліметте.