Миграциялық полиция қызметкерлері 26 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматшасын ұстады. Ол заңсыз түрде қалалық бағыттағы көлікте кондуктор болған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Миграциялық заңнаманы бұзғаны үшін әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдік азаматтарға қатысты еңбек тәртібін бұзғаны үшін жұмыс беруші де жауап береді.
– Айта кетейік, жедел алдын алу шаралары барысында миграциялық қызмет жасақтарының қызметкерлері облыс бойынша заңсыз жұмыс істеуші 123 шетелдік азаматты анықтады, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.