ШҚО ТЖД құтқарушылары өңірдің су объектілеріндегі жағдайды бақылау мақсатында сөйлейтін дрон көмегімен қауіпсіздік акциясын өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған департамент баспасөз қызметінің ақпаратынша, шомылу маусымы басталғаннан бері облыстағы су айдындарында 18 адам құтқарылды. Қауіпсіздік шараларының алдын алу мақсатында 2000-ға жуық рейд ұйымдастырылып, 62 адам судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шомылу маусымы басталғалы аймақта 1 адам суға батып кетті.
ТЖ қызметі мамандарының айтуынша, жыл сайын жазатайым оқиғалар жабдықталмаған жағажайларда болады. Еске сала кетейік, облыста шомылуға рұқсат етілген 22 орын болса, тыйым салынған 74 учаске бар.