ШҚО-да шомылу маусымына дайындық жұмыстары басталып кетті

267
көрілім
Фото сурет автордікі

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті биылғы жылғы демалыс маусымына арналған 22 учаске бекітілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Облыстағы шомылу маусымы басталғанға дейін өңір тұрғындарын қауіпсіздікті қамтасыз ету мәселесі бойынша оқыту бейне роликтері таратылып, мектеп оқушыларына интерактивті сабақтар көрсетілуде. Қауіптің алдын алу мақсатында көрсетілген қауіпсіздік ережерлерін сақтаған жөн.


ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлының  сөзінше, биылғы суға түсу маусымына орай су айдындарының жағасына ескертпе тақтайшалары қойылып жатыр.
-- Жағажайдағы тыйым салу белгілерін, үгіт-насихат стендттерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Шомылу маусымы басталғанға дейін барлық жағдайды қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келтіру қажет. Белгіленген аумақтарға құтқарушы жасақтарын оқытып, жағажай маңына медициналық құтқару бекеттерін құру керек.

Осы орайда мектеп оқушылары мен облыс тұрғындарына жағалаулардағы ережелерді бұзу фактісі тіркелген орайда ҚР ӘҚБтК-нің баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке қарастырылғанын ескертеміз, - деді ол.
Брифинг барысында сала қызметкері арнайы дайындалған қуыршақ адаммен суға батқан зардап шегушіге алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін көрсетті.

Нұрдәулет Қалибеков