Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сананы арттыру аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі облыстық көпсалалы Онкология және хирургия орталығының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кездесу өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабтың, қоғам қайраткері Арайлым Есембекованың баяндамасынан басталды. Ол жалпы алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке қоғамдық сананы өзгертуге және парасаттылық қағидатын ілгерілетуге бағытталған штаб жұмысының маңызды аспектілері туралы егжей-тегжейлі мәлімет ұсынды.
- Адамдардың санасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы берік иммунитетті өзгеріп, жемқорлықпен күрес жүргізуде ұтымды пайдаланған жөн. Қазіргі қоғамның белсенді қатысуынсыз қалаған нәтижеге жету мүмкін емес, - деп атап өтті облыстық штаб басшысы.