Бүгін облыс әкімі Ермек Көшербаев соғыс ардагерлерімен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өскемендегі Сол жағалау саябағында соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері бір-бірімен жүздесті.
Ардагерлер майдан кезін есте салатын қара нан мен қарақұмық қойылған дастархан басында жиналды. Олар нағыз ностальгиялық көрініске қанық болды. Кенигсбергтегі шайқасқа қатысқан соңғы жауынгер майдандас достарын көріп, сол бір шақтарды еске алды.
«Бәлкім, бір полктың ішінде де болған шығармыз», - деді сұрапыл шайқасқа қытысқан жауынгер, «IIМ Құрметті ардагері», «Өскемен қаласының Құрметі азаматы» Құрмат Ыдырышұлы.
Қазіргі таңда Өскемен қалалық ПБ жас офицерлерінің тәлімгері.
Жиын соңында ардагерлерге қаржылай, заттай сыйлықтар берді.
ШҚО-да соғысқа қатысқан 14 ардагер бар. Тыл ардагерлердің саны - 4900.
- Соғысқа қатысқан ардагерлерге 1,5 млн теңге берілді. Соғыс кезінде концлагерьде болғандар 100 мың теңге алды. Тылда еңбек еткендерге 50 мың теңгеден табысталды. Бүгін бәріміз ерекше көрініске куә болып отырмыз. Соғыста жауынгерлерге көмек көрсеткен дәрігерлердің еңбегін де елемеске болмайды. Шығыс өңірінде сондай жандар табылса, олардың еңбегін елеп, арнайы жоспарлаған шараларды ұйымдастырамыз, - деді облыс әкімі.
Жиын соңында соғыстың тауқыметін тартқан тыл еңбектері ән шырқап, көздеріне жас алды. «Есте сақтау қабілетім мықты» деп өз-өзін таныстырған Құрмат ата елімізді Жеңіс күнімен құттықтап, ақ батасын айтты.
Валентина СВИРИДЕНКО