Өңірде соңғы күндері 27 дала өрті тіркелген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыстың Үржар, Бесқарағай, Күршім, Жарма, Катонқарағай, Глубокое, Көкпекті және Ұлан аудандарында дала өртенген. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 98 гектардан асады. Өрттің шығу себептері – қоқыс жағу мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
– Ең үлкен аумақты шарпыған дала өрті Бесқарағай ауданында болды. Қызыл жалын 49 гектар шөпке жайылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылған, - деп хабарлады ведомство өкілдері.