Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысы кезінде айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Орман шаруашылығындағы олқылықтар жайлы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов ақпарат ұсынды. Мәлім болғандай, былтыр орман ағаштарын заңсыз кесудің 43 фактісі тіркелді.
- Салдарынан табиғатқа келтірілген шығын 7,6 млн теңге. Заң бұзушылықтың көбі Өскемен және Риддер орман шаруашылығы аумағында болды. Соңғы үш жылда заңсыз ағаш кесудің 101 фактісі тіркелді, - деді Мұрат Құсайынов.
Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, өрт болып, заңсыздықтың жиі тіркелуінің бір себебі - штаттың толық еместігімен байланысты. Мұрат Құсайынов орманшылар жалақысы өткен жылдың 1-ші шілдесінде 100%-ға артқанын жеткізді.