ШҚО-да сот қызметкері жетіспейді

175
көрілім
Фотосурет Turaninfo.kz сайтынан

Өңірдегі аудандардың бірінде үш жылдан бері сотта жұмыс істейтін адам табылмай жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ҚР Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипптің айтуынша, қазіргі уақытта ел көлемінде сот жүйесінде 350 бос орын бар.
- Мәселен, Тарбағатай аудандық сотында сот лауазымына адам керек. Үш жылдай болды, сол қызметке ниеттілер табылмай тұр, - деді Шипп.
Жаңа заң жобасына оқуын аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған түлектерді Жоғарғы Сот Кеңесінің жолдамасы бойынша шалғай елдімекенде орналасқан соттағы бос лауазымдарға жіберу туралы норма енгізілуде.
Асинат МУРТАЗАЛИЕВА