ШҚО-да сотқа келіп түскен әкімшілік істер саны көбейген

407
көрілім

Бұл туралы ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Анна Жумагулова мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz cайтының тілшісі.

Соңғы тоғыз айда өткен жылмен салыстырғанда әкімшілік іс саны 65-ке артқан. Яғни биылғы жылы 282 іс сот қарауынан өтті.

– Әкімшілік айыппұл тағайындау шешімімен 274 іс түйінін тапса, 8 іс тоқтатылған, – дейді Анна Жумагулова.